Қызылорда облысы

Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы XII өңірлік форумға дайындық жұмыстарын жүргізуде

Шілде 10, 2025 | Қаралымдар: 20

Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы 2023 жылғы XI өңірлік форумнан кейін жұмыс істеу үшін үш басым бағытты таңдады:

  1. Ауылдық елді мекендердегі жергілікті қоғамдастықтарды дамытуға жәрдемдесу.

  2. Экологиялық жобаларды іске асыру.

  3. Қызылорда облысындағы әлеуметтік жобалар бағдарлама әкімшілері ұсынған қолданыстағы техникалық сипаттамаларға талдау жасау.

Осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде XII Азаматтық форум ауылды дамыту және жергілікті қоғамдастық тақырыбына бағытталып отыр.

Бүгін Азаматтық Альянс үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында XII өңірлік Азаматтық Форумды ұйымдастыру бойынша жалпы сұрақтар қаралды. Кеңес отырысына Қызылорда қаласы және барлық аудандардан қоғамдық ұйым басшылары мен ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысты.

«4-деңгейлі бюджетті енгізу арқылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық тәуелсіздігі: азаматтық қоғамның қатысуы» тақырыбында Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Талдау және есепке алу бөлімінің басшысы Мұстафаев Дархан Болатұлы маңызды ақпарат берді.

Шілде айының үшінші онкүндігінде барлық ауылдық аймақтардағы жергілікті қоғамдастық мүшелеріне арналған ақпараттық оқыту-семинарын ұйымдастыру жоспарланды.