Шымкент қаласы
Азаматтық ресурстық орталықта серіктестердің жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында қоғамдық кеңістіктегі соңғы оқиғаларға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Қазіргі таңда күн тәртібінде — қалалық Қоғамдық кеңес құрамына сараптамалық талдау жүргізу және оның қызметін реттейтін нормативтік құжаттарға қоғамдық сараптама жасау мәселелері тұр.
Үдеріске аға буын заңгерлермен қатар жас мамандардың да қатысуы қуантады! Қоғамдық бақылау бағытындағы серіктестерімізден нәтижелі жұмыс пен Кеңестің жаңа құрамын қалыптастыруды күтеміз.