Қазақстанның Азаматтық Альянсы

"Бейбіт атом" тақырыбындағы республикалық семинар

Жел. 21, 2023 | Қаралымдар: 727

...

21 желтоқсанда Астанада ҮЕҰ, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен "Бейбіт атом" тақырыбында республикалық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты-атом энергетикасы, атомдарды бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы даму мен жетістіктер туралы ақпараттандыру.
Атом саласының сарапшылары семинарға қатысушыларға Электр энергетикасы саласын дамытудың болжамды теңгерімдері, Қазақстанда АЭС салу жоспарлары және АЭС-тің экономиканы дамытуға әсері туралы айтып берді.
ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалова Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы байқалатынын және АЭС электр энергиясының тұрақты базалық генерациясын қамтамасыз етуге көмектесетінін атап өтті.