Ақтөбе облысы
Гумер ГАЛЕЕВ, «Жауынгерлік бауырластық» ҚҚ құрылтайшысы, Ақтөбе облысының іздестіру қозғалысының жетекшісі:
– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстанда патриотизмді жан-жақты қолдау қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік екенін, алайда ол азаматтық жауапкершілік пен елге пайдалы болуға ұмтылыссыз толық мәнге ие болмайтынын айтты.
«Қазіргі таңда қоғамда Қазақстанның Мемлекеттік Туын қайда және қашан қолдану орынды екені туралы маңызды мәселелер талқылануда. Бұл рәсім арнайы нормалар мен ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді қолдануда немқұрайлы және жауапсыз көзқарасқа жол беруге болмайды. Сонымен қатар заңның әрпін ғана емес, оның рухын да сақтау маңызды. Патриотизм көріністерін жан-жақты қолдау қажет. Яғни мемлекеттік рәміздерді ұқыпты әрі орынды пайдалану туралы айтып отырмын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Біз іздестіру жұмыстарына шыққанда әрдайым өзімізбен бірге Қазақстанның туын алып жүреміз. Бұл – Отанға деген патриотизмнің бір көрінісі. Біз – қазақстандықтармыз және мұны басқа елдерде де көрсетеміз. Осы арқылы жастарға үлгі боламыз.