Ақтөбе облысы
2025 жылғы 28 қарашада Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы мүшелерінің жыл қорытындысына арналған жиналысы өтті.
Іс-шара аясында өңірдің азаматтық секторында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалар мен әлеуметтік бастамалар таныстырылып, жыл бойы атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелеріне баға берілді. Сонымен қатар ҮЕҰ-дардың қоғамдық өмірге қосқан үлесі, жетістіктері және өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі тиімді тәжірибелері ұсынылды.
Бұл кездесу қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ортақ бастамаларды талқылауға және жаңа серіктестік байланыстарды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісіп, өңірлік азаматтық қоғамды дамыту бойынша ұсыныстарын ұсынды.
Кездесу өңірдегі ҮЕҰ көшбасшылары үшін тәжірибе алмасу, жаңа идеялар мен бастамаларды әзірлеу, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.