Қарағанды облысы

Қарағандыда жастарға арналған ақпараттық акция өтті

Наурыз 18, 2026 | Қаралымдар: 829

Қарағанды қаласында, Пришахтинск ауданындағы автовокзал аумағында «Бұл маңызды білу!» атты ақпараттық акция ұйымдастырылды. Іс-шараға «Қазақстан азаматтары» қоғамдық ұйымы жанындағы «Healthy Life» волонтерлер қозғалысы қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – жастарды деструктивті ағымдарға тартылу қаупі туралы ақпараттандыру және олардың ақпараттық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Қатысушыларға осындай ұйымдардың ерекшеліктерін түсіндіретін профилактикалық ақпараттық материалдар таратылды.

Бұл іс-шара жастардың хабардарлығын арттыруға және деструктивті идеологияға қарсы тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған.