Қарағанды облысы
Қарағандыда студенттер арасында деструктивті ағымдарға қарсы профилактикалық кездесу өтті
Қарағанды қаласының тұрғындарын дін саласында сауаттандыру бойынша түсіндірме тобының ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық жоғарғы медбикелік колледжінің 1-курс студенттері арасында «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл. Вербовщиктердің және деструктивті діни ағымдардың әсерінен қалай қорғануға болады» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Спикер ретінде әлеуметтік процестерді зерттеу және талдау орталығының атқарушы директоры, заңгер-діни сарапшы Тлекбаев Серік Қуатович сөз сөйледі.
Кездесу барысында экстремизмнің пайда болу себептері, оның қоғамға қауіптері, жастар арасында сыни ойлау мен ақпараттық сауаттылықты дамыту маңыздылығы қаралды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, қауіпсіздік және азаматтық жауапкершілік мәселелерін талқылады.
Мұндай кездесулер жастардың құндылықтық бағдарларын қалыптастыруға және деструктивті идеологиялардың қауіптері жөніндегі хабардарлығын арттыруға септігін тигізеді.