Қарағанды облысы
Қарағанды облысы полиция департаментінің Жедел әрекет ету арнайы отряды құрамымен кездесу
«Қарағанды қаласының тұрғындарын діни сауаттылыққа үйрету» жобасы аясында Қарағанды облысы полиция департаментінің Жедел әрекет ету арнайы отрядының жеке құрамымен кездесу өтті.
Спикер ретінде Дмитрий Сергеевич Полтаренко — Қазақстан халқы Ассамблеясы Қарағанды облыстық медиация кеңесінің төрағасы, Қарағанды облысы бойынша РОО «Контртеррористік комитет» филиалының жетекшісі, Қарағанды облыстық МРО жетекшілер клубының модераторы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Діни істер комитеті жанындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі сөз сөйледі.
Кездесу тақырыбы — «Радикалданудың алдын алу және Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа редакциясындағы зайырлылық принциптері».