Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» тақырыбында Қазақстанның Азаматтық Альянсы кеңесінің кеңейтілген отырысы

«Қоғамдық кеңестер институттарын дамыту» жобасын іске асыру аясында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» тақырыбында Қазақстанның Азаматтық Альянсы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысының Атырау облысындағы Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде айтылған маңызды тақырыптар бойынша сындарлы диалогтар мен талқылаулар өткізілді.
Пікірталас барысында қозғалған тақырыптар азаматтық қоғамның рөлін, медиа қауіпсіздік мәселелерін, нашақорлықты, құқықтық мәдениетті және жастар саясатын нығайту қажеттілігін қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді қамтыды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Сұлтанова Гүлбара Бекетқызы кіріспе сөз сөйледі.