Қарағанды облысы
Қарағанды медицина университеті студенттерімен кездесу
«Қарағанды қаласының тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру бойынша ақпараттық-ағартушылық топ жұмысы» жобасы аясында Қарағанды медицина университетінің студенттерімен кездесу өтті.
Спикер ретінде Серік Куатович Тлекбаев сөз сөйледі — Қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығының атқарушы директоры, заңгер-религиовед.
Кездесу тақырыбы: «Жастар арасында радикализацияның алдын алу және ақпараттық ортада сыни ойлауды қалыптастыру».
Ашық диалог барысында діни қауіпсіздік, интернет арқылы деструктивті ықпалдың қаупі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сенім бостандығының құқықтық аспектілері қаралды.