Қарағанды облысы
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында 29 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның бэк-офисіне бару жүзеге асырылды.
Сапар барысында ұйым қызметкерлерінің жұмысы, яғни күн сайын азаматтарға көмек көрсететін мамандардың еңбегімен танысуға мүмкіндік болды. Көп жағдайда ХҚКО-ға жүгінгенде біз тек сыртқы нәтижені ғана көреміз, ал әрбір өтініштің артында үлкен әрі мұқият атқарылатын жұмыс жатқанын байқай бермейміз.
Кездесу барысында жылжымайтын мүлікке қатысты көптеген сұрақтарға, соның ішінде меншік иелері өз үйлері мен пәтерлеріне жиі енгізетін сәулеттік өзгерістерді заңдастыру мәселелеріне қатысты жан-жақты жауаптар алынды.
Өзім үшін маңызды бір қағиданы түйдім: «Театр ілгіштен басталады, ал құрылыс немесе қайта жоспарлау — жобадан және оны заңды түрде бекітуден басталады».
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан, атап айтқанда КЕАҚ қызметі арқылы, өз мүлкіне қатысты белгілі бір әрекеттерді заң талаптарын сақтамай жасаған азаматтарға да оны заң талаптарына сәйкес ретке келтіруге мүмкіндік берілгенін атап өткен жөн.
Осы бағытта көмек көрсетіп жүрген мамандарға алғысымды білдіремін. «Заң мен тәртіп» жобасы мен үшін қоғамды Ақыл мен Заң қағидаттары негізінде қалыптастырудың тағы бір маңызды қырын ашты.