Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығының бірінші отырысы

«Қоғамдық кеңестер институтын дамыту» жобасы аясында Қазақстанның Азаматтық Альянсының кеңсесінде министрліктер мен ведомстволардың, квазимемлекеттік сектор мен облыстардың,Астана, Алматы, Шымкент қалаларының қоғамдық кеңестері өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығының бірінші отырысы өтті.
Негізгі мәселелердің бірі қоғамдық кеңестердің су тасқыны іс-шараларын ұйымдастыруға және өңірлердегі су тасқынынан кейінгі зардаптарды жоюға қатысуы болды.
Сондай-ақ, отырыс барысында қоғамдық кеңестердің қызметін жандандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру мәселелері қаралды.
Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығы қоғамдық маңызды мәселелер бойынша қоғамдық кеңестер өкілдерінің шоғырландырылған пікірін әзірлеу үшін құрылғанын атап өткен жөн.