Қарағанды облысы

Білім басқармасында үкіметтік әлеуметтік тапсырысты орналастыру мәселесіне арналған, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары үшін аутистік спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеуге арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы кездесу өтті.

Қаң. 29, 2026 | Қаралымдар: 18

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:

  • педагогикалық кадрларды даярлаудың өзекті сұрақтары
  • болашақ курстардың мазмұны мен форматы
  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру механизмдері

Ерекше назар аутистік спектр бұзылыстары бар балалардың санының өсуіне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүйелі психологиялық-педагогикалық қолдаудың қажеттілігіне аударылды.

ҮЕҰ өкілдері өз ұсыныстарын және бастамаларын білдіріп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті және болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын анықтады.