Қарағанды облысы

А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде профессорлық-оқытушылық құрамға арналған «Антитеррористік қоғамдық сананы қалыптастыру» тақырыбындағы оқыту семинары өтті.

Қаң. 26, 2026 | Қаралымдар: 15

Іс-шараның мақсаты — ПҚҚ мүшелерінің экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі хабардарлық деңгейін арттыру, сондай-ақ білім беру ортада азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениеттің тұрақты құндылықтарын қалыптастыру.

Семинар спикерлері: Аманжол Уразбаев — заң ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰҚК резерв полковнигі; Дмитрий Полтаренко — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті жанындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Семинар барысында радикалданудың өзекті қауіптері, антитеррористік сананы қалыптастыру механизмдері, сондай-ақ жастар арасында экстремистік көріністердің алдын алу мәселесінде білім беру ұйымдары мен оқытушылардың рөлі қарастырылды. Қатысушылар деструктивті идеологияларды анықтау және алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар алды және нақты кейстерді талқылауға қатысты.