Қарағанды облысы
Шахтинск қаласының Орталық кітапханалық жүйесінде құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында кітапхана қызметкерлерімен түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық нормалары, соның ішінде қоғамдық орындарда жеке тұлғаны анықтауды қиындататын киім киюге тыйым салу мәселелері және олардың діни тәжірибелермен үйлесімділігі талқыланды.
Кітапхана қызметкерлері, ағартушылық жұмыстың қатысушылары ретінде, халықты одан әрі ақпараттандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін түсініктемелер алды.