Қарағанды облысы

Шахтинск қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Жел. 12, 2025 | Қаралымдар: 16

Спикер ретінде дін саласындағы облыстық ИРГ мүшесі Тлекбаев С.К. сөз сөйледі.

Кездесу барысында оқушыларға діни экстремизм мен терроризмнің қазіргі қауіптері түсіндіріліп, олардың алдын алу жолдары және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңдағы негізгі өзгерістер, оның ішінде қоғамдық орындарда толық бет-жүзін жабатын киім киюге қатысты нормалар таныстырылды, бұл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.