Қарағанды облысы

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі С. Тлекбаев Шахтинск технологиялық колледжінің студенттерімен құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тақырыбында кездесу өткізді.

Жел. 10, 2025 | Қаралымдар: 16

Іс-шара барысында ол діни әдебиет пен ақпаратты таратуға қатысты нормаларды түсіндіріп, студенттерді діни экстремизмнің алдын алу шараларымен таныстырды, сондай-ақ діни алуандылыққа құрметпен қараудың, дін саласындағы заңдарды қатаң сақтаудың және жауапты азаматтық позицияны қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.