Қарағанды облысы

Шахтинск қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Жел. 9, 2025 | Қаралымдар: 17

Діни сауаттылық және қоғамдық консолидация мәселелері бойынша сарапшы Серік Қуатович Тлекбаев құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөнінде түсініктемелер берді. Ерекше назар қоғамдық орындарда бетті тануды қиындататын киім киюге тыйым салатын нормаларға аударылды. Мұндай шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында енгізілгені атап өтілді.