Қарағанды облысы
Шахтинск қаласының Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қазақтелеком» АҚ филиалының Орталық-аймақтық телекоммуникациялар дирекциясының Шахтинск желілік-техникалық цехы ұжымымен кездесу өткізді.
Қарағанды облысының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығы ҚҚ атқарушы директоры Серік Қуатович Тлекбаев қызметкерлер алдында сөз сөйледі.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының негізгі ережелері түсіндіріліп, діни мәселелерге байланысты қауіптерді болдырмауда құқықтық хабардарлықтың маңызы талқыланды.