Қарағанды облысы

Долинка кентіндегі №4 жалпы білім беретін мектепте оқушылармен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Тлекбаев С.К. қатысуымен кездесу өткізілді.

Қар. 25, 2025 | Қаралымдар: 19

Сұхбат барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдерге дұрыс өмірлік бағдар қалыптастыру, заңға құрмет және жауапты мінез-құлықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Серік Қуатович Тлекбаев сыни ойлауды дамыту, сенімді ақпаратты деструктивті контенттен айыра білу қабілеті, сондай-ақ құқыққа бағынушы жастарды тәрбиелеуде Қазақстанның рухани және мәдени құндылықтарының рөлі маңыздылығын атап өтті.