Қостанай облысы

Біз сіздерді үшінші тараптарды қаржыландыру конкурсының жеңімпаз жобаларымен таныстыруды жалғастырамыз.

Наурыз 17, 2026 | Қаралымдар: 66

Бүгін біз «КАМЕДА» Зерттеу және консалтинг орталығының «МҮҚҰ үшін мемлекеттік гранттар механизмінің тиімділігі мен ашықтығы» жобасы туралы айтып береміз.

Жоба азаматтық қоғам бастамаларын қолдауда маңызды рөл атқаратын мемлекеттік гранттар жүйесін тәуелсіз қоғамдық сараптауды жүргізуге бағытталған.

Неліктен бұл маңызды?
МҮҚҰ өкілдері мен сарапшылар қауымдастығының пікірінше, қазіргі кезде келесі мәселелер бар:
— нормативтік талаптар мен гранттарды іске асыру практикасы арасындағы алшақтық;
— жобаларды бағалау критерийлерін қолданудағы қиындықтар;
— мониторинг пен бағалаудың жеткіліксіз ашықтығы мен жүйелілігі.

Жоба гранттық қолдау механизмі жұмысының тәуелсіз бағасын жүргізуге және оны жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық сараптама шеңберінде қарастырылған іс-шаралар:
• кабинеттік талдау және әдістемені әзірлеу;
• МҮҚҰ мен бенефициарлар арасында сандық деректерді жинау;
• гранттық қолдауды жүзеге асыратын оператор қызметкерлеріне сауалнама жүргізу;
• грант комиссиялары сарапшылары мен мемлекеттік органдар өкілдерімен сұхбат;
• аналитикалық есеп және ұсыныстар пакетін дайындау.

Жобаның нәтижелері мына бағыттарда көмектеседі деп күтілуде:
— мемлекеттік гранттарды іріктеу, мониторинг және бағалау процедураларының ашықтығын, тиімділігін және сенімділігін арттыру;
— мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекетін нығайту.

Жоба «ЗУБР» консалтинг-орталығы мен «Гражданский альянс Қостанай облысы «ГрИн» ҚҚ қолдауымен, Еуропалық Одақ қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылуда.