Қостанай облысы
Біз сіздерді үшінші тараптарды қаржыландыру конкурсының жеңімпаз жобаларымен таныстыруды жалғастырамыз.
Бүгін біз «Қазақстанның халықаралық және ұлттық климаттық міндеттемелерін орындауды тәуелсіз қоғамдық сараптау» жобасы туралы айтып береміз. Жобаны ОҚ «Ангел» (Ақмола облысы) және ҚҚ «ЭлитАгро» (Актөбе облысы) жүзеге асырады.
Жоба аймақтық деңгейде климаттық саясатты жүзеге асырудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ерекше назар Қазақстанның климат бойынша халықаралық және ұлттық міндеттемелерінің нақты облыстар мен елді мекендерде қалай жүзеге асырылатынына аударылады.
Жоба шеңберінде тәуелсіз қоғамдық сараптама жүргізіледі, оған деректерді талдау, жергілікті қауымдастықтармен жұмыс және мемлекеттік органдармен диалог кіреді.
Жоба аясында жоспарланған іс-шаралар:
• қоғамдық сараптама бойынша жұмыс топтарын құру;
• тұрғындар мен фермерлерден кері байланыс жинау;
• аймақтық даму бағдарламаларын талдау;
• климаттық тәжірибелерді аймақтар арасында салыстыру;
• мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындау.
Негізгі назар — аймақтардың нақты мәселелерінде: қуаңшылық, су тасқыны, жерлердің деградациясы, ауылдық аудандардың тұрақтылығы, климаттық шаралар мен халықты қолдауға арналған ақпаратқа қолжетімділік.
Қоғамдық сараптама нәтижелері мемлекет, сарапшылар қауымдастығы және азаматтар арасындағы диалогты нығайтуға және климаттық саясат саласындағы шешімдердің сапасын арттыруға көмектеседі деп күтілуде.
Жоба «ЗУБР» консалтинг-орталығы мен «Гражданский альянс Қостанай облысы «ГрИн» ҚҚ қолдауымен, Еуропалық Одақ қаржыландыру аясында жүзеге асырылуда.