Қостанай облысы
25 ақпанда Астанада «Қоғамдық бірлестік пен үкімет арасындағы диалог – өмір сапасын арттыру жолы» жобасы аясында диалог алаңы өтті.
Негізгі тақырып — қоғамдық сараптаманы мемлекеттік шешімдердің сапасына нақты ықпал ететін құралға қалай айналдыруға болады.
Бүгінде қоғамдық бақылау — тек сын айту үшін сын емес. Бұл азаматтардың мүддесіне қатысты шешімдерді кәсіби талдау, мониторинг және сараптамалық бағалау.
Жоба аясында әртүрлі әлеуметтік топтардың өмір сүру деңгейіне мемлекеттік шаралардың әсерін бағалаудың әдістемесі ұсынылды. Қазіргі уақытта зейнетақы саясаты, әлеуметтік қызметтер, климат, антибуллинг бағдарламалары және мемлекеттік грант механизмдері саласында пилоттық сараптамалар жүргізілуде.
Маңыздысы — диалогқа басымдық беріліп, даулы мәселелер азайып, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы сенім қалыптасуы.
Жоба «ЗУБР» консалтинг-орталығы мен ҚҚ «Қостанай облысының азаматтық альянсы «ГрИн» бірлесіп, Еуропалық Одақ қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда.