Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Adal Azamat журналының қазақ тіліндегі № 2 шығарылымы

Сіздерге Конрад Аденауэр атындағы қормен бірлесіп құрылған «Adal Azamat» журналының екінші шығарылымын ұсынуға қуаныштымыз.
Бұл басылымда біз «Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы» заң, «БАҚ туралы» заң, лудомания мәселесі, қоғамдық кеңестердің рөлі және т.б. сияқты бірқатар маңызды тақырыптарды қозғадық.
«Adal Azamat» журналының келесі басылымдарында біз өзекті мәселелерді шешуге, осал топтарды қолдауға және орнықты дамуға жәрдемдесуге бағытталған ҮЕҰ-ның тарихы мен бастамаларын егжей-тегжейлі қарастырамыз.
Журналдың толық басылымын электрондық форматта Қазақстанның Азаматтық Альянсының сайтында оқи аласыз.