Қостанай облысы
ҚҚ «Қостанай облысының азаматтық альянсы "ГрИн"» консультанты Мазенова Асель «Synergy» Ғылыми-білім орталығына мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысу бойынша кешенді әдістемелік қолдау көрсетті
Қолдау шеңберінде жобалық ұсынысты әзірлеу, бюджеттік шығыстарды негіздеу, жобаны МӘТ мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестендіру, сондай-ақ мемлекеттік қаржыландыру алған жағдайда есеп беру талаптарын сақтау бойынша консультациялар өткізілді.
Жоба «ЗУБР» консалтинг-орталығы мен ҚҚ «Қостанай облысының азаматтық альянсы "ГрИн"» бірлесіп, Еуропалық Одақ қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда.