Қостанай облысы

2026 жылы «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында ауылдық бастамаларды қолдауға бағытталған онлайн-консультациялық орталық өз қызметін жалғастыруда.

Қаң. 16, 2026 | Қаралымдар: 14

Консультациялық орталық ауылдық өңірлерде жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды жобаларға кәсіби заң және бухгалтерлік көмек көрсетеді. Қолдау бастамалардың тұрақтылығын арттыруға және ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Кеңесшілермен байланысу үшін телефон нөмірі: +7 778 495 7305 (номер WhatsApp арқылы да қолжетімді).