Қостанай облысы
2025 жылғы 29–30 қазан күндері Астанада «Адвокация құралдары және мемлекеттік органдармен жұмыс» атты семинарлар сериясының үшінші оқу бағдарламасы өтті.
Оған «Қоғамдық бақылау» республикалық ҮЕҰ коалициясының мүшелері, жетекші ҮЕҰ басшылары және сарапшылар қатысты.
Қандай мәселелерді талқылады және не істеді?
Қатысушылар коалицияны талдады — оның күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортадағы мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтады. Талдаудың нәтижелері коалицияның стратегиялық әрекеттерінің негізін қалады.
Содан кейін түрлі адвокациялық стратегиялар мен әдістер талқыланды: қандай құралдар тиімді, қайда жариялылық қажет, ал қайда сараптамалық жұмыс маңызды. Арнайы блок Қазақстандағы азаматтық адвокацияның ерекшеліктеріне арналды.
Ең күрделі кезеңдердің бірі — адвокация мақсатын анықтау болды:
– мазмұны бойынша — заңнаманы және саяси шешімдерді өзгерту;
– құрылымы бойынша — процестерді, инфрақұрылымды және іске асыру механизмдерін жақсарту;
– мәдениеті бойынша — ақпараттандыруды арттыру, қоғамдық құндылықтар мен мінез-құлықты өзгерту.
Семинар соңында «Қоғамдық бақылау» коалициясының адвокацияда мықты әлеуетке ие екені және мемлекеттік органдармен тиімді ынтымақтастық орната білетіні расталды. Қатысушыларға белсенділік, жарқын кейстер және командалық жұмыс үшін алғысымызды білдіреміз!
2024 жылғы мамырдан бастап «ЗУБР» консалтинг-орталығы (Өскемен қ.) үш жылдық жобаны Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық альянсымен серіктестік аясында, Еуропалық Одақ қаржылай қолдауымен жүзеге асыруда. Жоба азаматтық қоғам ұйымдарының мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды бағалауға қатысу арқылы ықпалын күшейтуге бағытталған.