Қостанай облысы
Қостанай облысында үкіметтік емес секторға арналған оқыту іс-шараларының сериясы аясында көшпелі семинар өтті.
Семинар ҮЕҰ дамыту, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және ұйымдардың кәсіби сауаттылығын көтеру мәселелерін талқылауға арналған алаң болды. Қатысушылар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, әлеуметтік жобаларды әзірлеу және қаржыландыру тарту бойынша жаңа білім алды.
Аталған семинарлардың басты мақсаты — өңірлердегі ҮЕҰ әлеуетін нығайту және алынған білімді жергілікті деңгейде тарататын бастамашыл топтарды қалыптастыру.