Қостанай облысы
Қазақстанның Азаматтық альянсының бастамасымен «Адал Азамат» фронт-офисі қызметі аясында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына арналған фокус-топ өткізілді.
Сарапшылар мен ҮЕҰ өкілдері сектордың қазіргі жағдайын, негізгі сын-қатерлерді, мемлекеттік органдармен ынтымақтастық деңгейін және заңнаманы жетілдіру қажеттілігін талқылады.
Қатысушылардың пікірлері өңірлердегі сараптамалық сұхбаттарға арналған сұрақтарды әзірлеуге және азаматтық секторды дамыту бойынша ұсыныстар дайындауға негіз болады.