Қостанай облысы

2025 жылғы 12–13 наурыз күндері Астана қаласында «Қоғамдық сараптама технологиялары» атты семинар өтті. Іс-шара «Қоғамдық бақылау» республикалық ҮЕҰ коалициясының мүшелеріне, жетекші ҮЕҰ басшыларына және сарапшылар қауымдастығына арналған оқытудың бірінші кезеңі аясында ұйымдастырылды. Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілі қатысты.

Наурыз 26, 2025 | Қаралымдар: 11

Іс-шараны Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігіндегі ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур ашып, «Азаматтық қоғам мен үкімет арасындағы диалог — жоғары өмір сапасына жол» жобасының рөлі мен қазіргі басым бағыттары туралы баяндады. Аталған жоба «ЗУБР» консалтинг орталығы тарапынан Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық альянсымен серіктестікте, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.

«ЗУБР» консалтинг орталығы 2024 жылғы жобаның нәтижелері мен 2025 жылға арналған жоспарларды таныстырып, Коалиция бастамалары және олардың жүзеге асырылу барысы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Семинар барысында қоғамдық бақылау саласындағы заңнамаға талдау жүргізілді. Қатысушылар түрлі нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын «қоғамдық бақылау», «қоғамдық мониторинг», «қоғамдық сараптама» ұғымдарындағы логикалық және әдіснамалық қайшылықтарды анықтады. Қолданыстағы заңнамадағы «ақ дақтарға» ерекше назар аударылып, оларды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуге дайын екендіктері білдірілді.

Жоба командасының мүшелері мемлекеттік әлеуметтік шаралардың әртүрлі әлеуметтік топтардың өмір сүру деңгейіне әсерін бағалау бойынша қоғамдық сараптама әдістемесінің жобасын ұсынды. Құжаттың негізгі бөлімдері, соның ішінде қоғамдық сараптаманың негізгі белгілері, қатысушылардың рөлдері және әдістерді таңдау тәсілдері, алдағы кезеңде Коалиция мүшелерімен бірлесіп жетілдірілетіні атап өтілді.