Қарағанды облысы
Қазыбек би ауданының қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларынан шыққан кәмелетке толмаған балаларға киім-кешек түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Іс-шараның бастамашысы — «Ана қолы» қоғамдық қоры, Қарағанды облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Болеславовна Киселеваның қолдауымен өтті.
Акция аясында 15 балаға көмек көрсетілді. Оларға қажетті киімдер табысталды: күртешелер, жылы жилеттер, кофталар, юбкалар, көйлектер, шалбарлар, жейделер және басқа да киім түрлері.
Мұндай бастамалар — бұл тек көмек емес, балаларға қамқорлық, жылулық және болашаққа деген сенім сыйлау.