Қарағанды облысы
Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жобасы аясында Пришахтинск ауданында «Бұл білу маңызды!» атты ақпараттық акция өтті.
Іс-шараға «Қазақстан азаматтары» ҚБ жанындағы «Healthy Life» қозғалысының еріктілері қатысты.
Акция егде жастағы азаматтарды деструктивті ағымдарға тартылу қаупі туралы ақпараттандыруға бағытталды. Қатысушыларға мұндай ұйымдардың белгілерін түсіндіретін және ақпараттық кеңістікте қауіпсіз әрекет ету бойынша ұсыныстар қамтылған профилактикалық материалдар таратылды.
Ықтимал манипуляциялардан, соның ішінде заманауи коммуникация құралдары арқылы келетін қауіптерден қорғау және сақтықты арттыруға ерекше назар аударылды.