Түркістан облысы

ҚОҒАМ МЕН ЕРІКТІЛЕР МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ ЖОЛЫНДА БІРІКТІ

Наурыз 31, 2026 | Қаралымдар: 39

Мемлекет басшысының 2026 жылғы Халықаралық еріктілер жылының ашылуына арналған Волонтерлер форумында берген тапсырмасын орындау аясында, сондай-ақ «Тазару күні» бастамасының жалғасы ретінде Қазақстан Республикасында «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды.

Акция Қазақстанның Азаматтық Альянсы тарапынан «Madenietti Mura» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба тарихи-мәдени мұраны сақтау, сондай-ақ экологиялық  және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

Акцияны жүзеге асыруға Түркістан облысының Азаматтық Альянсы ЗТҚ ұйымдастыруымен және Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының қолдауымен үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді қатысуда.

Акция аясында:
100 түп жеміс ағашы,
30 шырша,
100 раушан гүлі отырғызылды.

Акцияның салтанатты ашылуы 2026 жылғы 31 наурызда өтті.
Іс-шара Түркістан облысындағы Гаухар ана кесенесі аумағында ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда тарихи ескерткіштер мен мәдени кеңістіктерді сақтау мәселелері ерекше өзектілікке ие.
Аталған акция тарихи-мәдени маңызы бар нысандарды тазалау, абаттандыру және сақтау бағытында азаматтық қоғам, еріктілер, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар және жергілікті қауымдастықтардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Акция аясында:

  • мәдени мұра нысандарын тазалау және абаттандыру бойынша волонтерлік іс-шаралар,
  • жастар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Бұл бастама азаматтар, еріктілер мен ұйымдардың мәдени құндылықтарды сақтау жолындағы бірлігін нығайтып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.