Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ғылым, өнер, спорт, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, бизнес және өзге де маңызды салаларда табысты еңбек етіп жүрген әйелдерге мемлекеттік марапаттар табыстады.
Солардың қатарында Түркістан қаласындағы «Қуаныш» ЖШС директоры, «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТҚ нысанындағы бірлестігінің президенті Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Бұл марапат – Инара Әбдіғаппарқызының қажырлы еңбегі мен қоғам игілігі жолындағы қызметінің нәтижесі, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік дамуына қосқан зор үлесінің жоғары бағалануы.
Түркістан облысының Азаматтық Альянсы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы еңбегіңізге табыс, мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз.