Түркістан облысы

«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» Ұлттық орталығы аясында фокус-топтар мен эксперттік сұхбаттар өткізілді!

Жел. 12, 2025 | Қаралымдар: 2

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде стратегиялық серіктестік аясында азаматтық қоғам өкілдері қатысып, ұйымдар алдында тұрған негізгі мәселелер мен ұсыныстарын бөлісті:

  1. ҮЕҰ ұғымы мен мәртебесі: «ҮЕҰ» атауы ескірген; оны «қоғамдық ұйым» немесе «қоғамдық бірлестік» деп өзгерту ұсынылды; қызмет мақсаттары мен түрлері нақтылауды қажет етеді.
  2. Тіркеу және есептілік: тіркеу жеңілдетілген, бірақ есептілікті оңтайландыру және ұйымдардың жабылу процесін жеңілдету қажет.
  3. Қаржыландыру: мемлекеттік тапсырыстар көбіне ірі ұйымдарға беріледі; жергілікті ұйымдарға басымдық беру және «жергілікті ҮЕҰ» мәртебесін енгізу ұсынылды.
  4. Заңнаманы жетілдіру: ҮЕҰ мен қоғамдық ұйымдарға қатысты заңдарды сәйкестендіру, шетелдік гранттарға шектеулерді қайта қарау.
  5. Қоғамдық бақылау және ашықтық: құжат айналымын цифрландыру, бюрократияны азайту, қоғамдық бақылау тетігін енгізу.
  6. Іріктеу және бағалау: комиссияларды жаңарту, әділ және білікті мүшелерді тарту, жаңадан құрылған ұйымдарға мүмкіндік беру.
  7. Үкімет пен ҮЕҰ өзара іс-қимылы: серіктестік артқанымен, формалдылық сақталған; жастарды белсенді тарту қажет.
  8. Ынтымақтастықтың жаңа формалары: аймақтық серіктестік платформаларын дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру, кәсіби және белсенді азаматтарды қоғамдық кеңестерге тарту.

Бұл пікірлер азаматтық қоғамды дамыту жолында нақты ұсыныстар мен мәселелерді айқындауға мүмкіндік берді.