Түркістан облысы
«Шекарасыз фандрайзинг: донорлар мен серіктестерді іздеудің заманауи тәсілдері» вебинары өтті!
«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» ұлттық орталығының мемлекеттік тапсырыс аясындағы қызметін ұйымдастыру жобасы шеңберінде қараша айында маңызды вебинар өткізілді.
Вебинар Түркістан облысының азаматтық қоғам өкілдеріне арналды.
Қатысушылар:
- халықаралық және жергілікті донорлармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін;
- фандрайзингтің тиімді стратегияларын;
- серіктестермен байланыс орнату тетіктерін;
- ресурстар тартудың жаңа трендтерін үйренді.
Спикер Жанат Айдарбекқызы Сапаржанова — 20 жылдан астам әлеуметтік жобалар авторы, «Бастаманы қолдау» ҚБ атқарушы директоры, өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Бұл вебинар азаматтық қоғам өкілдерінің әлеуетін арттыруға және ұйымдардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашты. Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!
Азаматтық қоғамды бірге дамытайық!