Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«Қазақстан Республикасында жеке еңбек дауларын сотқа дейінгі шешу тәртібі» тақырыбында семинар

Маусым 28, 2024 | Қаралымдар: 737

...

«Қоғамдық кеңестер институтын дамыту» жобасы аясында «Қазақстан Республикасында жеке еңбек дауларын сотқа дейінгі шешу тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Спикер – Ағыбаева Бибігүл Шәкірбайқызы, «Academy of labour realtions» Бас директоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы.

Семинар барысында еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі аспектілері және сот процесіне дейінгі дауларды шешудің тиімді әдістері талқыланды. Семинарға қатысушылар белсенді өзара әрекеттесіп, қызығушылық танытқан сұрақтар қойып, дауларды шешудің практикалық аспектілерін талқылады.