Түркістан облысы

«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды!

Жел. 12, 2025 | Қаралымдар: 3

2025 жылғы маусым мен желтоқсан аралығында мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан стратегиялық серіктестік бойынша «АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» ұлттық азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметі қарқынды түрде іске асырылуда.

Жоба Қазақстанның Азаматтық Альянсы облыстық Өңірлік Азаматтық Альянстарымен бірлесе жүзеге асырылуда.

Осы жоба шеңберінде Түркістан облысында:

100-ден астам тегін консультация көрсетілді:

  • азаматтық қоғам өкілдеріне,
  • тұрғындарға,
  • ҮЕҰ мүшелеріне,
  • жастар мен еріктілерге,
  • қоғам белсенділеріне.

Консультациялар құқықтық кеңес, жобалық менеджмент, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ҮЕҰ қызметін ұйымдастыру, гранттық мүмкіндіктер және азаматтық белсенділік бағыттары бойынша жүргізілді.

Жоба жұмысы жыл соңына дейін жалғасады.
Азаматтық қоғамды қолдау – ортақ мүдде!