Түркістан облысы

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Кентауда «Адал және саналы ұрпақ» слеті өтті

Жел. 4, 2025 | Қаралымдар: 4

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Кентау қаласында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Адал және саналы ұрпақ» атты слет өтті.

Іс-шара Кентау қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Түркістан облысының Азаматтық Альянсы ЗТҚ нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Жиынға қала басшылығы, қоғамдық ұйым өкілдері, білім саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен ақсақалдар, әжелер алқасы, түрлі сала өкілдері қатысты.

Слеттің негізгі мақсаты – адалдық мәдениетін нығайту, мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ жас буынға үлгі болу.

Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зардаптары, адал және саналы ұрпақ қалыптастырудағы мемлекеттік қызметшілердің рөлі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Шараны Кентау қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Тойшиев Ғалымжан Әмірханұлы ашып берді.

Спикерлер:
• Халықаралық туризм және меймандостық университетінің қауымдастырылған профессоры м.а. Нұрсұлтан Нұрбайұлы Пашанов,
• «Таңдау құқығы» ҚБ атқарушы директоры Амангелді Ілесбайұлы Қалыбек.

Спикерлер адалдық пен әділдіктің қоғам дамуындағы маңызын атап өтті.

Слет қорытындысында қатысушылар адалдықты күнделікті қызметтің негізгі қағидасы ету қажеттігін айтып, мемлекеттік аппараттың ашық әрі әділ болуына үлес қосудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға мотивация мен серпін берді.