Түркістан облысы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл әкімдерінің Диалог платформасында жасаған маңызды үндеуі жарияланды.

Қар. 28, 2025 | Қаралымдар: 5

Президент ауыл мәселелерінің стратегиялық маңызын атап өтіп, жергілікті атқарушы биліктің ашықтығы мен жауапкершілік деңгейін арттыру қажеттігін ерекше айтты. Бүгінде елімізде 2334 ауыл әкімі халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланған – бұл жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту жолындағы маңызды қадам.

Диалог алаңына еліміздегі ауыл әкімдерінің 80%-ы қатысып, ауылды дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, жұмыспен қамту, тұрғындардың өзекті мәселелерін уақтылы шешу бойынша нақты ұсыныстар талқыланды.

Түркістан облысының Азаматтық Альянсы ретінде біз бұл бастаманы қолдаймыз және ауыл тұрғындарының пікірін, қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын мемлекеттік шешімдерге енгізу үшін ашық диалогты жалғастыруға әрдайым дайынбыз.

Ауыл – елдің жүрегі. Әрбір бастама мен өзгерістің нақты нәтижесі ауыл өмірінің жақсаруынан көрінуі тиіс.