Түркістан облысы

Отырар ауданында діни сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті

Қар. 24, 2025 | Қаралымдар: 6

Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық дін саласына жауапты мамандар мен имамдардың біліктілігін арттыруға арналған «Діни сауаттылықты арттыру: Білім мен келісім» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға спикер ретінде Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Теология» факультетінің аға оқытушысы, магистр Қасымбеков Жүсіпбек Айдарбекұлы шақырылды.

Кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту жолдары қарастырылды. Имамдардың діни білімін арттыру, түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізу және алдын алу шараларын күшейту бағытында тәжірибе алмасу өтті.

Шара имамдардың кәсіби біліктілігін арттыруға, діни түсіндіру жұмыстарының сапасын көтеруге және атқарылып жатқан жұмыстардың үйлесімділігін нығайтуға үлес қосты.