Түркістан облысы

Отырар ауданында діни сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті

Қар. 18, 2025 | Қаралымдар: 1

Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық білім беру ұйымдарының оқушы-студенттері мен мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған «Діни сауаттылық: тұрақтылық кепілі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға спикер ретінде Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, PhD доктор Абдрасилов Тұрғанбай Құрманбайұлы шақырылды.

Біліктілік арттыру семинарында спикер тыңдаушыларға діни сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, білім беру жүйесіндегі зайырлылықтың негізгі қағидаттарына тоқталды. Сонымен қатар, діни білімнің қазіргі жағдайы мен діни экстремизмге қарсы тұру жолдары туралы кеңінен түсіндірді.

Халқымыз үшін ең басты құндылықтардың бірі – діни бірегейлік, бабалар ұстанған діни жолды жаңғырту және оны өскелең ұрпақ арасында кеңінен дәріптеу екені атап өтілді. Әрбір азамат осы құндылықтарды білуі тиіс екендігі жеткізілді.

Ұлттық рухты оятатын құндылықтарды насихаттауға, имандылық пен адамгершілік қасиеттерді дәріптеуге арналған рухани жиында тағылымы мол әсерлі әңгімелер айтылып, келелі ойлар ортаға салынды.

Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сәрсеков Ғалымжан Рысқұлұлы қорытындылап, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған діни сауаттылықтың маңыздылығы туралы маңызды ақпаратпен бөліскен Тұрғанбай Құрманбайұлына аудан халқы атынан шынайы ризашылығын білдірді.