Түркістан облысы

Түркістанда марафон жоғары деңгейде өтті!

Қар. 13, 2025 | Қаралымдар: 1

13 қараша күні Түркістан қаласындағы О. Жарылқапов атындағы стадионда қала тұрғындары мен жастар арасында көтеріңкі көңіл-күйде марафон өтті. Іс-шара Түркістан қаласының Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, Түркістан облысының Іскер әйелдер қауымдастығының қолдауымен және Түркістан облысының Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен өтті.

Марафонның ашылу салтанатын Азаматтық Альянстың Президенті, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыс депутаты Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы ашып, қатысушыларға шабыт пен сәттілік тіледі.

Мәреге жеткен қатысушыларды марапаттау рәсімін Түркістан қаласы Ішкі саясат басқармасының бас маманы Айдос Байжанов жүргізіп, барлық қатысушыларды марапаттады.

Алғаш болып мәре сызығын кескен 3 жеңімпаз арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды:

  • 1-орын – 70 000 тг
  • 2-орын – 50 000 тг
  • 3-орын – 30 000 тг

Сонымен қатар, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ әділдік пен белсенді азаматтық ұстанымды арттыру болды.

Мұндай игі бастамалар қоғамда адалдықты, әділдік пен ынтымақты нығайтуға зор үлес қосады!