Түркістан облысы

Отырар ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында кіші футболдан турнир өтті

Қар. 6, 2025 | Қаралымдар: 1

Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және Түркістан облысының Азаматтық Альянсы ЗТҚ нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен Отырар ауданында мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында кіші футболдан аудандық турнир өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Турнир тек спорттық жарыс қана емес, мемлекеттік қызметкерлер арасында адалдық, әділдік және бірлік қағидаттарын насихаттап, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған маңызды шара болды.

Мемлекет басшысы атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамыздың ортақ міндетіміз».
Бұл бағыттағы күрес тек заңмен емес, әрбір азаматтың сана-сезімі мен мәдениет деңгейімен өлшенеді.

Турнирдің басты мақсаты – жеңімпазды анықтау ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер арасында командалық рухты, салауатты өмір салтын және адал еңбекке деген құрметті арттыру болды.

Осындай спорттық іс-шаралар қоғамда адал еңбек пен әділ бәсекенің рухын қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Турнирге 6 команда қатысты.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Мұнда жеңіс – бірлікте, өзара сенім мен жауапкершілікте.
Бұл қасиеттер – мемлекеттік қызметтің де негізі.