Түркістан облысы

XII Республикалық Азаматтық форум

Қаз. 18, 2025 | Қаралымдар: 1

Астана

Форумның екінші күні пленарлық сессиямен жалғасты. Сессияны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева модерациялады.

Пленарлық отырыста әлеуметтік саясат, азаматтық қоғамның рөлі, жастардың белсенділігі, гендерлік теңдік, цифрлық даму және экологиялық тұрақтылық сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.

Қатысушылар қоғамның тұрақты дамуы үшін ашық диалог пен серіктестіктің маңызын ерекше атап өтті.

Форумға қатысқан Түркістан облысының делегациясы өз өңірінің тәжірибесімен бөлісіп, жаңа серіктестік байланыстар орнатты.