Түркістан облысы

XII Республикалық Азаматтық форум

Қаз. 18, 2025 | Қаралымдар: 15

Астана

XII Азаматтық форумның алғашқы күнінде инклюзия, экология, цифрлық трансформация және азаматтық белсенділіктің дамуы сияқты маңызды бағыттар бойынша панельдік сессиялар мен пікірталас алаңдары өтті.

Форумға Түркістан облысынан 20 делегат қатысып, өңірдің азаматтық сектордағы жетістіктерін таныстырды.

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы, «Таңдау» сыйлықақысы және «Қайырымдылық» саласындағы байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл Түркістан облысының 3 үкіметтік емес ұйымы келесі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды:

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» номинациясы

  • «Жалын жастар ұйымы» ҚБ

Жетекшісі – Керимбеков Құрмет Балқыбекұлы
(Төле би ауданы, Қаратөбе ауылы)

«Қоршаған ортаны қорғау» номинациясы

  • «SULTAN RABAT» ҚБ

Жетекшісі – Юсупова Мавлуда Фархадовна
(Төле би ауданы, Киелібас ауылы)

  • «Киелі Қазығұрт» ҚБ

Жетекшісі – Касымбаев Аскар Есимбаевич
(Төле би ауданы, Ақбастау ауылы)

Аймақтық ҮЕҰ-дардың табысы – Түркістан өңіріндегі азаматтық қоғамның қарқынды дамуының айқын көрінісі! 💪