Түркістан облысы
Түркістан облысының Азаматтық форумы – қоғам мен билік арасындағы ашық диалог алаңы.
Форумда:
- азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер мен жастар бір арнада тоғысады;
- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын жобалар мен бастамалар талқыланады;
- мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыттар – жастар, отбасы, әйелдер саясаты, әлеуметтік қолдау, цифрландыру мәселелері қаралады.
Азаматтық форум – Әділетті Қазақстан құру жолында халық пен билік арасындағы сенімді әріптестіктің нақты көрінісі.
Түркістан – тарих пен руханияттың ғана емес, белсенді азаматтардың орталығы. Форумда қабылданатын ұсыныстар өңірдің дамуына серпін беріп, қоғамның бірлігін нығайтады.