XII Азаматтық форумының ресми бөлігі аяқталған соң, қонақтарымызды бейресми жағдайда қарсы алып, Түркістан облысының киелі мекендерін аралаттық.
Киелі мекендердің тарихымен бөлісіп, өңіріміздің бай мәдениеті мен рухани мұрасын таныстырдық. Бұл сапар тек көрікті жерлерді көру ғана емес, сонымен бірге өзара жақындасуға, пікір алмасуға және жаңа идеяларға шабыт алуға мүмкіндік берді.
Түркістан – тарих пен қазіргі заман тоғысқан жер, ал біздің басты мақсатымыз – оны әр қонақтың жүрегінде ерекше орын алатындай жеткізу.