Түркістан облысы

Түркістан облысының XII Азаматтық форумы – 2-ші күн

Там. 13, 2025 | Қаралымдар: 2

Бүгін форум аясында Қазақстанның Азаматтық Альянсы президенті Бану Ғаниқызы Нұрғазиева және Түркістан облысының Ақпараттық ресурстық орталығы басшыларымен кездесу өтті. Кездесуге Қызылорда, Қарағанды және Ұлытау облыстарының Азаматтық Альянс басшылары да қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу барысында өңірдің ҮЕҰ өкілдері мен АРО басшылары өзекті мәселелерді талқылап, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Әңгіме азаматтық қоғамды дамыту, ҮЕҰ-ның әлеуетін арттыру және алдағы бірлескен жоспарлар төңірегінде өрбіді.

Бұл кездесу – азаматтық сектор мен орталықтандырылған қолдау құрылымдары арасындағы байланыс пен серіктестікті нығайтудың тағы бір маңызды қадамы болды.