Жамбыл облысы
Жамбыл облысының «Мықты қоғам – Қуатты Қазақстан» өңірлік азаматтық форумының екінші күні аяқталды.
Іс-шара азаматтық сектор, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы өкілдері арасында ашық диалог үшін маңызды алаңға айналды.
- Форумның екінші күні қатысушылар азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру бойынша ұсыныстарды талқылаған конференцияға қатысты. Пленарлық отырыста өңірдегі азаматтық сектордың тұрақты дамуы, оның стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудағы рөлі, сондай-ақ мемлекет пен бизнеспен тиімді өзара әрекеттесу механизмдері қаралды.
- «Кіші қалалар – үлкен мүмкіндіктер» тұжырымдамасы аясында шағын қалаларды дамытуға ерекше назар аударылды. Бизнес, қорлар, жергілікті әкімдік пен ресурс орталықтарының өкілдері бірлескен бастамалардың болашағын талқылап, әрі қарайғы ынтымақтастық бағыттарын белгіледі.